Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіз!
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіз!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
- Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекітутуралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес (2021 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен), орта білім берудегі оқу жетістіктерін сыртқы бағалау бастауыш және негізгі орта білім берудегі оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға (бұдан әрі - ББЖМ) өзгертілді. ББЖМ – білім беру мекемелерінен тәуелсіз, оқушылардың білім сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін жүргізілетін жүйелі бақылау.
4 сыныптар үшін ББЖМ: оқу сауаттылық – 10 сұрақ, математикалық сауаттылық – 20 тест тапсырмасы; жаратылыстану ғылымдары сауаттылығы – 20 тест тапсырмасы. Тест тапсырмасының форматы: бірнеше жауап нұсқасы. Тест уақыты: 154 минут (2 сағат 34 минут). Ең жоғары балл: 50. 
9-сыныптар үшін ББМЖ 9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы: Оқу сауаттылығы (қазақ тілі ) – 15 тест тапсырмасы, математикалық сауаттылық – 20 тест тапсырмасы; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география) 3 пән бойынша 8 тест сұрағынан тұрады, 1 пән 6 тест, барлығы 30 тест сұрағы. Тест форматы бірнеше жауап нұсқасы. Тест уақыты – 1189 минут (3 сағат 9 минут). Ең жоғары балл – 65.
ББЖМ-ға дайындық жұмыстары сабақ барысында және қосымша сабақтар жүргізіледі, сонымен қатар EdooX.com(tester. kz) платформа арқылы жүргізіледі. Платформа оқушылардың білімдегі олқылықтардың анықтау мен оларды жоюға көмектесетін тиімді құрал болып табылады. Сынақ тесттерді пән мұғалімдері айына екі рет өткізеді, талдауларын жасап әдістемелік отырыстарда талқылайды, ұсыныстарды жасап, кемшіліктерді, білімдегі олқылықтарды жою бойынша жұмыстарды анықтайды, жоспарлайды. Онлайн-тренажер төртінші және тоғызыншы сынып оқушыларының оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауаттылығын бағалау және жақсартуға арналған кешенді құрал болып табылады. Оған 2025 жылғы ББЖМ форматындағы 3000-нан астам өзекті сұрақтар кіреді, бұл аналитикалық және логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.Платформаға сілтеме 

https://edoox.com/school/index