Жыл қорытындысы-жаңа жетістіктер бастауы!
Бүгін мектебімізде әдістемелік бірлестіктердің жылдық қорытындысы жасалып, ұстаздарымыздың еңбегі лайықты бағаланды.
Оқу жылы бойы әрбір әдістемелік бірлестік оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуге зор үлес қосты.
Жылдық қорытынды жиынында үздік ӘБ жетекшілері мен ұстаздары арнайы алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.
Бұл марапат-ұстаздарымыздың күнделікті қажырлы еңбегінің, ізденісінің және шәкіртке деген жанашырлығының айғағы.
Біз ұстаздарымызбен мақтанамыз!
Алдағы оқу жылында да кәсіби жетістіктеріміз артып, жаңа белестерді бағындыратынымызға сенімдіміз!