Бүгін мектебімізде әдістемелік кеңес жұмысыныңжоспарына сай «Жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдары талқыланып, заманауи оқыту әдіс-тәсілдері мен практикалық мысалдар ұсынылды.
Семинар ұстаздардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, сабақ үдерісін жаңғыртуға және оқу сапасын жақсартуға бағытталды.
Өз тәжірибесімен Физика білім беру бағдарламасы бойынша, педагогика ғылымдарының магистрі Жаппасова К.А., педагог- зерттеуші Мнайдарова Ж.С., Тельгарина А.С., бастауыш сынып мұғалімі Сартаева А.М тәжірибе алмасып, мұғалімдер өз сабақтарында AI құралдарын қолданудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты.
Білім беру саласындағы инновацияларды қолдап, үздіксіз даму жолында бірге болайық!
#ЖасандыИнтеллект #ӘдістемелікКеңес #ЦифрлықБілім #ПедагогZaman #Инновация