«Халықаралық Отбасы күні аясында» мектебімізде ата-аналармен шағын тренинг өткіздік.
Бар болғаны 10-15 минутта сынып іші жылулық пен шаттыққа бөленді.
Біз бірге баланың мықты қырларын байқаудың, жылы сөз айтудың және күн сайын қарапайым қолдау тәсілдерін қолданудың маңызын еске түсірдік.
Әр ата-ана өз баласына арналған кішкентай символикалық сыйлық пен өзіне маңызды еске салуды алып кетті: «махаббат пен көңіл-кез келген ұзақ әңгімеден қымбат».
Халықаралық Отбасы күні-ең жақындарымызға: «Мен сені жақсы көремін және саған сенемін» деп айтуға тағы бір тамаша себеп болды.