Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ сайтына қош келдіңіз!
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті базасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша консорциум аясында мектеп түлектеріне арналған облыстық олимпиада өткізілді.

Зияткерлік сайысқа облыс бойынша 140-тан астам оқушы қатысты. Біздің мектептен 7 оқушы бақ сынады.

Жиналған балл қорытындысы бойынша жеңімпаздарға университеттің бірінші оқу жылының төлемінен 50%, 75% және 100% мөлшерінде жеңілдіктер берілді.

Қуанышты жаңалық! Біздің мектеп түлегі Амирбеков Ерамир жүлделі нәтиже көрсетіп, оқу ақысының 50% жеңілдігін жеңіп алды.

Оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз! Жарқын болашаққа сенімді қадам жасап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!