Мектебімізде «Болашаққа бағдар кәсіби бағдар. «Адал азамат» тәрбиелеудің бірыңғай бағдарламасын оқыту пәнінде жүзеге асыру жолдары» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңесте оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру, «Адал азамат» тәрбиелеу бағдарламасын оқу процесіне енгізу жолдары, білім сапасын арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, дарынды оқушылармен жұмыс, олимпиадаға дайындық, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттары талқыланды.
Қабылданған шешімдер білім сапасын арттыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.