2025 жылғы 26 тамызда С.Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңестің негізгі мақсаты-мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және жаңа оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындау болып табылады. Кеңес жұмысына Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Габдуалиева Дамеш Кожмухамбетовна, мектеп әкімшілігі, педагогтар мен кеңес хатшысы қатысты. Кеңесті мектеп директоры, педагогикалық кеңес төрайымы Жақия Мөлдір Маратқызы ашып, күн тәртібімен таныстырып, кеңестің мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Кеңес жұмысының регламенті бекітіліп, қатысушылардың назарына ұсынылды.
Отырыстың негізгі бөлімінде мектеп директорының орынбасарлары
Биримжанова А.К.
Алтай К.Т.
Оспанова Ш.Ж.
Аблайханова А.К. келесі мәселелер бойынша баяндама жасады:
1. Жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымының басымдықтары мен негізгі бағыттары;
2. Мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
3. Мектептің ұйымдастырушылық-техникалық қызметі туралы.
Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар талқыланып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер айтылып, олар тиісті түрде қарастырылып енгізілді.
Кеңестің қорытынды бөлімінде мектеп директоры Жақия М.М. қаралған мәселелер бойынша қорытынды жасап, қабылданған шешімдердің орындалуына жауапты орындаушыларды айқындап, нақты мерзімдерін белгіледі.
Кеңесте қабылданған шешімдер педагогикалық ұжым назарына жеткізіліп, мектептің жылдық жоспарларында көрініс табатын болды.
Өткен педагогикалық кеңес 2025-2026 оқу жылының сапалы басталуына нақты бағыт-бағдар беріп, педагогикалық ұжымның алдағы оқу жылындағы бірлескен және жүйелі қызметін қамтамасыз етуге берік негіз қалады.