06–10 сәуір аралығында мектебімізде биология және химия апталығы жоғары деңгейде өткізілді. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар мен ұстаздар ерекше көңіл-күймен қарсы алынып, танымдық ойындар ұйымдастырылды. «Жасыл әлемге – жасыл қадам» акциясы аясында мектеп ауласында ағаш отырғызылып, 8–10 сынып оқушылары табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.
Апта барысында 9-сыныптар арасында «Эко-эрудит» интеллектуалды викторинасы өткізіліп, оқушылардың экологиялық ойлау қабілеті дамытылды. Сонымен қатар, 8 сәуір күні 2–4 сынып оқушылары арасында «Эко сән» байқауы ұйымдастырылып, қалдықтарды қайта пайдалану арқылы жасалған шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Байқау нәтижесінде Кунакова Ерке – Гран-при, Тюлендина Амина – I орын, Марат Алинұр – II орын, Махмутова Аружан мен Есенбай Жаннұр – III орын иеленді.
9 сәуір күні 5–7 сыныптар арасында «Табиғи үдерістерді модельдеу» байқауы өткізіліп, оқушылар климат өзгерісі, су айналымы және экологиялық мәселелер бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Жұмыстардың ғылыми негізділігі мен жаңашылдығы жоғары бағаланып, үздіктер марапатталды.
Апталық аясында «Көңілді қоңырау» кезінде оқушыларға гүл отырғызудың әдіс-тәсілдері көрсетіліп, олардың практикалық дағдылары қалыптастырылды.
12 сәуір – Ғылым күніне орай мектебімізде үзіліс уақытында химия пәнінен тәжірибе алаңы ұйымдастырылды.
10 сәуір күні мұғалімдерге арналған тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, табиғи өнімдерден әтір, крем және шөп шайларын дайындау жолдары таныстырылды. Семинар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Биология және химия апталығы оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарылды.